Жаңалықтар

Депутат Шымкентте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

ашық дереккөзі

Депутат Шымкентте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуде.

Бүгін Полиция департаментінің ұжымымен жүздесіп, жедел басқару орталығының (ЖБО) жұмысымен танысты.

Бейнебақылау камераларының көмегімен осы жылдың жеті айында Шымкентте 300-ге жуық қылмыс ашылып, 33 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Болатбек Нажметдинұлы халықпен кездесулері кезінде мопедтер мен электр скутерлер тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу мәселелері жиі көтерілетінін атап өтті. Депутат заңнамалық деңгейдегі өзгерістерді ескере отырып, осы көлік түрлеріне бақылауды күшейту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ бөлінген қаражатты тиімді пайдалану және жұмыс сапасын арттыру мәселесіне ерекше тоқталды.