Шахтадағы өрттен қаза тапқан 2 адамның денесі табылды
Шахтадағы өрттен қаза тапқан 2 адамның денесі табылды
Қазақстан» шахтасында жер астынан хабарсыз кеткен 5 кеншінің екеуінің денесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.
Шахтадада 227 адам болған. Шахтадан қаптал ұңғыма арқылы адамдар жоғары шығарылған.
Кейін өрт кезінде 5 кеншінің із-түзсіз қалғаны және 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, қауіпсіз жерге шығарылған 13 адам бас ауруы мен жөтелге шағымданған. Қазіргі уақытта 4 адам, оның ішінде екеуі Шахтинск қаласының орталық ауруханасына, тағы екеуі облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.
Оқиға орнында Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жүр.