Абай облысында GTA стиліндегі қуғын бейнежазбаға түсіп қалды
17 тамыз, 2023 /
Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Абай облысында GTA стиліндегі қуғын бейнежазбаға түсіп қалды
Көлікті 17 жасар жасөспірім мас күйінде тізгіндеген, деп хабарлады turkystan.kz.Polisia.kz сайтының мәліметінше, өткен түні полицейлер ВАЗ жүргізушісінен тоқтауды талап еткен.
Алайда жас жігіт жылдамдықты арттырып, көлікпен жасырынуға тырысқан. Сондықтан полицейлер оның артынан қуған.
«Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтатты. Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған. Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.