Шымкентте 5 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама басталды

17 тамыз, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Шымкентте 5 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама басталды Шымкент қаласында жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлады turkystan.kz Отбасы банкіне сілтеме жасап. Өтінімдер 25 қыркүйекке дейін otbasybank.kz сайтындағы «Баспана маркет» бөлімінде қабылданады. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі. «Qamqor» бағдарламасының шарттары: Бағдарламаға қалай және кім қатыса алады ? Қатысушыларды іріктеу қалай өтеді? Сіздің қатысуыңыз ұпай жүйесі бойынша бағаланады: