Мемлекет басшысы Индонезия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

17 тамыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Индонезия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.