Жаңалықтар

Атырауда жоғалып кеткен 33 жастағы жігіт шаруа қожалығынан табылды

ашық дереккөзі

Атырауда жоғалып кеткен 33 жастағы жігіт шаруа қожалығынан табылды

Атырауда жоғалып кеткен 33 жастағы жігіт аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап. Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ол Қызылқоға ауданы Темірбай учаскесіндегі шаруа қожалығынан табылған. «Із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігітті іздестіру шарасы Атырауда да, Қызылқоға ауданында да үздіксіз жүргізілді. Оған қалалық Полиция басқармасы мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тартылды. Нәтижесінде қызылқоғалық полицейлер жоғалған азаматты тапты», - делінген баспасөз хабарламасында. Ол шаруа қожалығына өз еркімен барғанын айтқан. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оның айтуынша, телефонында ақау болып байланыса алмапты.