Қазақстандықтар енді аты-жөнін eGov арқылы өзгерте алады

16 тамыз, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар енді аты-жөнін eGov арқылы өзгерте алады Қазақстандықтар туу туралы куәлік, аты-жөнін өзгерту, некені қию және бұзу, бала асырап алу және қайтыс болған адам туралы актілік жазбаларға Үкіметтің электрондық порталында өздері өзгеріс енгізе алады, деп хабарлады turkystan.kz. «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасының мәліметінше, жаңа қызмет жеткілікті негіздер және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде ғана құжаттарға өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін және әкесінің атын өзгерту секілді өтінімдер. «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздерді көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеу арқылы өтінім беруге болады», - делінген хабарламада. Қандай жағдайларда құжаттарға өзгертулер енгізуге болады: