Жаңалықтар

Ембіде өзін-өзі өртеген азамат ІІБ ғимаратына кірді

ашық дереккөзі

Ембіде өзін-өзі өртеген азамат ІІБ ғимаратына кірді

Ембі қаласының 39 жастағы тұрғыны өзінің үстіне бензин құйып өртеп, ішкі істер бөлімінің ғимаратына кірген. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.  Оқиға 12 ақпан күні түнде болған. Сағат 2.45-те Мұғалжар ауданы Ембі қалалық ішкі істер бөлімінің орталық есігінен белгісіз ер адам кіріп келген. "Оның үстіндегі киімі өртке оранып жатты. Кезекшілер жалынды сөндіріп, бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Бірақ кеш болатын. Ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деп жазады aktobenews.kz. Тергеу қорытындысы бойынша анықталғандай, 39 жастағы ер адам суицидке отбасы жағдайына байланысты барған. Осы оқиғаға дейін, 2 ақпанда оның әйелі көз жұмғаны белгілі болды. Ер адам өзіне-өзі қол жұмсайтындығы туралы сол түні туған-туыстарына хабарлаған.