Наурызда қазақстандықтар небәрі 19 күн жұмыс істейді

Наурызда қазақстандықтар небәрі 19 күн жұмыс істейді

Наурызда қазақстандықтар небәрі 19 күн жұмыс істейді
ашық дереккөзі

Қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалмақ. Тек Наурыз мерекесіне орай ел тұрғындары үзіліссіз 19 наурыздан 23 наурызға дейін бес күн бойы демалады деп хабарлайды NUR.KZ

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері 2017 жылғы 18 наурыз сенбіден – 2017 жылғы 20 наурыз дүйсенбіге ауыстырылды.
Осыған орай, қазақстандықтар 19, 20, 21, 22, 23 наурызда демалып, арасына 1 күн, яғни 24 наурызда жұмыс істейді де, 25, 26 наурыз сенбі, жексенбіге түскендіктен, тағы екі күн демалады. Сондай-ақ, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні осы жылы сәрсенбіге түсіп тұр. Егер наурыздың мереке күндеріне демалыс күндерін қосатын болсақ, ел тұрғындары барлығы 12 күн демалады. Яғни көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар тек 19 күн жұмыс істемек.