Жаңалықтар

Талдықорған мәйітханасында тараған видеоға қатысты түсінік берілді

ашық дереккөзі

Талдықорған мәйітханасында тараған видеоға қатысты түсінік берілді

Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы Талдықорған мәйітханасындағы қызметкерлердің әрекеті түсірілген видеоға пікір білдіріді, деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, 13 тамыз күні Жетісу облысында мәйітхана қызметкерлері жаймамен оралған мәйіттерді көлікке лақтырып, бірінің үстіне бірін қойған видеосы желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, видео 2021 жылы түсірілген. «Аталған мәйітхана ғимараты Жетісу облысы бойынша сот сараптамалары институтына тиесілі. Алайда, танылмаған және талап етілмеген  мәйіттерді жерлеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Сот сараптамалары институтының қызметкерлері мәйіттерді жерлеу (мәйітті жуу, қырындыру) және мәйітті орау жұмыстарын ғана жүзеге асырады. Аталған видеода танылмаған және талап етілмеген  мәйіттерді жерлеу жұмысын Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Пятый регион» ЖШС арасындағы келісімшарт бойынша жүзеге асырып жатқан «Пятый регион» ЖШС қызметкерлері. Олардың Жетісу облысы сот сараптамалары институтының қызметіне ешқандай қатысы жоқ», - делінген хабарламада.