Жаңалықтар

Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

ашық дереккөзі

Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

2023 жылғы маусымда 180,1 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе артық және соңғы бір жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 951,9 мың бірлікті құрады. «Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы 20 жылдан асқан көлік саны басым – 47,3%. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер саны 8% өсті, 1 910,2 мыңнан 2 056,1 мың бірлікке дейін», - делінген хабарламада.