Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) күзде рингке оралатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де «Қазан айы қызық болайын деп тұр!» деп жазды. WBO чемпионы бұған дейін IBF жаңа чемпиноны Винченцо Гуальтьериді (21-0-1, 7 КО) жекпе-жекке шақырған. Германиялық боксшы шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоны жеңіп, сенсация жасаған еді. Ал тамыздың басында ұлыбританиядық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) Жәнібекті кездесуге шақырған. Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін мамырда Стоктонта (Калифорния штаты, АҚШ) канадалық Стивен Батлерге қарсы өткізіп, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.