EXPO павильондарын құру үшін Астанаға таиландтық делегация келді

EXPO павильондарын құру үшін Астанаға таиландтық делегация келді

EXPO павильондарын құру үшін Астанаға таиландтық делегация келді
ашық дереккөзі
Астанаға EXPO көрмесіне қатысатын Таиланд делегациясының өкілдері келді. Олар EXPO қалашығындағы пəтерлерге жайғасты деп хабарлайды 24.kz Таиландтықтар «Бəріне биоқуат» тақырыбындағы павильонды құру жұмыстарына кіріседі. Айта кеткен жөн, экспозицияға қажет заттарды жеткізу өткен аптада басталған. Ал 20 ақпанда өтетін баспасөз мəслихатында таиландтық меймандар өз жоспарларымен бөліспек. "Біз сегіз контейнер алып келдік. Ойға алған жобалар мен жоспарымыз туралы кейінірек айтамыз. Көрмеге жан-жақты дайындықпен және өзгелерден бұрын келдік. Елдеріңіз өте қонақжай екен. Біз де өз тарапымыздан қазақстандықтарды қуантамыз деген ойдамыз", - таиландтық дейді жоба əкімшісі Патра Хутапает.