Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

15 тамыз, 2023 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстан Республикасының Махачкала қаласындағы жанар-жағармай стансасында болған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
 «Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза тапқан адамдардың туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атымнан көңіл айтамын. Сонымен қатар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.