Жаңалықтар

Биыл мектепке баратын балалардың 70%-ға жуығы қазақ тілінде оқиды

ашық дереккөзі

Биыл мектепке баратын балалардың 70%-ға жуығы қазақ тілінде оқиды

2023-2024 оқу жылында еліміздің мектептерінде 3,9 миллион оқушы білім алады. Оның ішінде 364 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады, деп хабарлады turkystan.kz. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, балалардың 68,2 пайызы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған. Айта кетерлігі, Қазақстанда 7,7 мың орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Мектептерде сапалы дайындық пен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, сынып-кешендерін қалыптастыру қолға алынуда. «Бірінші сыныпқа қабылданушы оқушылар, әсіресе, Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында көп. Сондай-ақ, балалардың мемлекеттік тілде білім алуы бойынша Шымкент қаласы, Түркістан және Алматы облыстары көш бастайды», - делінген хабарламада. Еске сала кетсек, 2021 жылы балалардың 64 пайызы қазақ тілінде білім алуды таңдаған.