Жаңалықтар

«Тыңдап отырып, ұялдым»: ұзату тойда ән салған актриса сынға қалды

ашық дереккөзі

«Тыңдап отырып, ұялдым»: ұзату тойда ән салған актриса сынға қалды

Актриса Жұлдыз Абдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында ұзату тойларының бірінде ән шырқаған видеосын жариялады, деп жазды turkystan.kz. «Қызымызды ұзаттық. Арайжан, аттаған босағаң ақ болсын! Барған жерің құт болсын, бақытың еселеніп жұп болсын! Бағың баянды болсын!» деп жазды ол. Желі оқырмандары көпбалалы ананың қыз ұзатқанын құптаса, енді бірі әншілік қабілеті жоқ екенін айтып, ән айтпауға кеңес берген.