Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар жауды

ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстанда қар жауды

Шығыс Қазақстан облысында биыл алғашқы қар ерте түсті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік нүктесі Мұзтау шыңына қар түскен. Бұл туралы сол жердегі Altay-pro альпинистік лагерінен мәлім етті. «Шығыс Қазақстандағы Мұзтау шыңына алғашқы қар жауды. Соңғы 10 жыл көлемінде қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті», - дейді Көккөл сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов. Оның айтуынша, бұл күні түнде су қатқан жоқ, ал төмендегі Берел қорғандары аймағында күн ашық және жылы болды. Еске салсақ, былтыр Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының іргесіндегі таулы жерлерде алғашқы қар 18 тамызда түскен болатын.