Жаңалықтар

«Кішкентай қызды аяусыз тепкілеген»: балалар омбудсмені оқиға туралы түсінік берді

ашық дереккөзі

«Кішкентай қызды аяусыз тепкілеген»: балалар омбудсмені оқиға туралы түсінік берді

Әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы анықталды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. «17 жасар қыз ағасына қонаққа келген. Таңертең оған баланы балабақшаға апарып келуді тапсырған. Кішкентай қыз балабақшаға барғысы келмей жылайды, содан бойжеткен немере сіңлісіне қол көтереді. Бұл факті бойынша бойжеткенге ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді.⁩ Іс бойынша Астана қаласының әкімдігімен байланыстамын. Сондай-ақ баланың әжесімен де байланыстамын. «Құқық» ҚҚ бүкіл отбасын психологиялық сүйемелдеуге алады (алғашқы қабылдау осы сәрсенбі күні өтеді)» деп жазды Балалар омбудсмені әлеуметтік желідегі парақшасында. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға елордадағы «Фламинго» тұрғын үй кешенінің жанында болғанын жазған.