Жаңалықтар

Аманаттықтар БҚО-дағы әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді

ашық дереккөзі

Аманаттықтар БҚО-дағы әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізді

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ел аумағындағы қоғамдық нысандарға мониторинг жүргізілуде. Жоба мақсаты – ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олар үшін кедергісіз орта құру. Жуырда Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында «АМАNАТ» партиясының облыстық филиалы жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңестің және аудандық партиялық бақылау комиссиясының алқалы жиыны өтті. «Аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен салаға жауапты әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара байланыс жоқ. Себебі, біз тексерген ғимараттарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалғанымен, олар белгілі талаптарға сай келмейді. Пандус биіктіктігі дұрыс емес. Оған өзге адамның көмегінсіз кіру оңай емес. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты жағдай жасауға қауқарымыз жетпей отыр, оны жөндеуге қаражат бөлу қажет», - деді Кеңес мүшесі, Батыс Қазақстан мүгедектер ерікті қоғамының төрағасы Жұмажан Қожажанов.