Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты
Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.
«Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді. Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.