Астана процесі: бітім жөнінде жедел мониторинг тобы құрылады

Астана процесі: бітім жөнінде жедел мониторинг тобы құрылады

Астана процесі: бітім жөнінде жедел мониторинг тобы құрылады
ашық дереккөзі
Астанадағы келіссөздердің қорытындысы Иран, Ресей және Түркияның қатысуымен Сириядағы уақытша бітім жөніндегі үшжақты жедел мониторинг тобын құру болды, деп хабарлайды Вести.ру. «Интерфакс» ақпаратына қарағанда, РФ СІМ Таяу Шығыс және Солтүстік Африка департаментінің директоры, Астана келіссөздеріндегі РФ делегациясының басшысы Сергей Вершинин топ тұрақты негізде жұмыс істейтіндігін, ал оның қызметі жанжалға қатысушы тараптардың соғыс қимылдарын тоқтату режімін сақтауына бағытталатындығын атап өткен. Сонымен қатар бір-біріне деген сенім шараларын құру да осы топтың назарында болады. Мұнан бөлек, Астанада өткен келіссөздер барысында тұтқындарды, оның ішінде әйелдер мен балаларды алмасу тетіктері түзілді. Қаза тапқандардың мүрделерін алмасу тармағы да келісілді. Бұл жайында Ресейдің Жаңалықтар агенттігіне Ресей Бас штабы Бас басқармасы бастығының орынбасары Сергей Афанасьев мәлім еткен. Генерал-майордың атап өтуінше, бұл шаралар Сириядағы сенімді нығайта түсуге қызмет ететін болады.