Жаңалықтар

Астанада 16-қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды

ашық дереккөзі

Астанада 16-қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды

Астана қаласында 16-қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz. "Осы жылдың 12 тамызында Астана қалалық Полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс нысанында 16-қабаттан адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында жұмысшының желдету шахтасына құлағаны анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды", - деп атап өтті қалалық Полиция департаментінен. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша еліміздің Қылмыстық кодексінің 277-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.