Жаңалықтар

Түркістан облысында 2 күн бұрын жоғалған қыз табылды

ашық дереккөзі

Түркістан облысында 2 күн бұрын жоғалған қыз табылды

Түркістан облысының полицейлері екі күн бұрын жоғалған қызды бір тәулік ішінде тапты, деп хабарлады turkystan.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 9 тамыз күні автобекетте тұрмын деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмаған. «Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулікке жетпей Шымкент қаласынан табылды. Ол ата-анасына тапсырылды», - деп жазылған хабарламада. Анықталғандай, бойжеткен қыдыру үшін ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан, ол отбасымен хабарласа алмаған.