Жаңалықтар

14 студенттің улануына себепкер болған әйел сотталды

ашық дереккөзі

14 студенттің улануына себепкер болған әйел сотталды

Рудный қаласы студенттерінің жаппай улану фактісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады turkystan.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Былтыр 20 сәуірде Рудный тау-кен технологиялық колледжінде 14 студент тамақтан уланған болатын. Осы факт бойынша прокуратураның қадағалауымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оның барысында «S-Salta» ЖШС басшысы С.А. Шугубаева қабылданған міндеттемелерді елемей, санитарлық нормалардың бұзылуына жол беріп, жаппай улануға әкеп соқтырғаны анықталды. Бұдан басқа, «S-Salta» ЖШС басшысының көрнеу жалған құжаттарды, атап айтқанда, медициналық тексеруден өту туралы жеке медициналық кітапшаларды заңсыз пайдалануға қатысы бар екені анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында. Биыл 7 тамызда сот үкімімен С.А. Шугубаева жалған құжаттарды пайдаланғаны және санитарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі деп танылды және 3 жыл мерзімге белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.