Жаңалықтар

Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды

ашық дереккөзі

Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды

Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz. Кеше Шымкент қаласындағы «Биик» шағын стадионында «Қайрат-жастар» және «Оңтүстік» жастар құрамаларының кездесуі өтті. Ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында төбелес болды. Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Ал жергілікті команданың жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді. «Полицияға шағым түскен жоқ. Ал жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.