Жаңалықтар

Оралда 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

ашық дереккөзі

Оралда 17 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Оралда үшінші күн қатарынан із-түзсіз жоғалған қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады, turkystan.kz. 17 жастағы Адель Сансызбаева 8 тамызда үйінен шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген. Жоғалған қыздың анасы Айгүл Сансызбаеваның айтуынша, ол бұрын-соңды бұлай кетпеген және қайда екенін үнемі ескертіп отыратын. Адельдің денсаулығында да ешқандай проблема болмаған, деп жазды «Мой город» басылымы. «Жоғалған күні қызым қара шалбар мен қара гүлді күртеше киіп жүрген. Оның бойы кішкентай, шашы қысқа, бірақ оны үнемі жинап жүреді. Қолында телефоны да, ақша да жоқ. Ешкіммен байланысқа шықпады. Қатты уайымдап, үшінші күн өзімізді қоярға жер таппай отырмыз», - дейді анасы. Айгүл Сансызбаева сол күні полицияға арыз жазып, қазір тәртіп сақшылары жоғалған қызды іздестіріп жатыр. «Адель Сансызбаеваның жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса, 8 (747) 468-61-62 телефонына хабарласуды сұраймыз», - делінген хабарламада.