Жаңалықтар

Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, көз жұмды

ашық дереккөзі

Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, көз жұмды

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап, мерт болды, деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 тамыз күні Павлодар қаласында сағат 22:35-те Ак. Шөкин көшесіндегі үйде 4 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. «Факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі. Павлодарлық полицейлер ересектерге қауіпсіздік шаралары туралы еске салады.