Жаңалықтар

Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді пышақтап өлтірген

ашық дереккөзі

Алматыда ер адам қызғаныштан әйелді пышақтап өлтірген

Алматы полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. Қылмыс Алматының Түрксіб ауданында болған. 47 жастағы ер адам қызғаныштан жанжалдасып, танысын пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Polisia.kz сайтының мәліметінше, бірнеше сағаттан кейін оны Түрксіб аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 99-бабымен тіркелген қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.