Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Алтыншы айналымда Димаш жеңіске жетті

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұл туралы қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген.

«Сүйінші! Димаш тағы шулатты! Бірінші орын! Кеше «Singer» байқауының келесі айналымы өтті. Димаш пианиномен «Adagio» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ортасына келгенде жұрттың бәрі орындарынан тұрып, қол соқты. «Димаш, Димаш», деп жанкүйерлердің айғайлаған үні бір сәтке толастамады», – деп жазылған Қытайдағы Wechat әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін Димаштың өнеріне тәнті болған әлемге танымал әнші Лара Фабиан оны өзімен кездесуге шақырғанын жазған болатынбыз.

«Singer» байқауының 5-кезеңі Астана уақытымен 18 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленген еді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button