Жаңалықтар

Айтуға ұялатын сөздер бар: Саят Медеуов сахнада білгенін істейтіндерді сынады

ашық дереккөзі

Айтуға ұялатын сөздер бар: Саят Медеуов сахнада білгенін істейтіндерді сынады

Әнші Саят Медеуов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында сахнаға кез келген әнді айтып шығатындарды сынады, деп хабарлады turkystan.kz. Саят Медеуов оларға қазір шектеу қоймаса, кейін зардабы ауыр болатынын айтады. Оның айтуынша, талап қойылмағандықтан әндерде бейәдеп сөздер көбейген.  «Айтуға ұялатын сөздер бар. Сол әндерге рұқсат беріп отырғаннан кейін, меніңше, біздің мемлекетке бәрібір секілді. Былайша айтқанда, бет-бетімізбен кетіп жатырмыз. Білгенін жасап жүргендер бар, бұған тезірек тосқауыл қоймаса, ертең кеш болады», - деді әнші.