Жаңалықтар

LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді

ашық дереккөзі

LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді

LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді. Бұл туралы CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің басқарма төрағасы Ғани Тәжиев мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «LRT жүйесін іске қосуды жеделдету мақсатында жоба екі кешенге бөлінген.Бірінші кешен 2025 жылға қарай пайдалануға мүмкіндік береді. Оның құны 1 млрд 152 млн доллар немесе 61% болатын алғашқы іске қосу кешенінде 8 станцияны толық аяқтау көзделген. Екінші іске қосу кешенінің құны – 735 млн доллар, яғни 10 станция пайдалануға беріледі. Сондай-ақ қосымша 14 станция салынады. Аяқталу мерзімі уақтылы қаржыландырылса – 2026 жылдың соңына дейін», - деді Ғани Тәжиев қалалық мәслихаттың отырысында. Еске салсақ, елорда әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасын 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз деген еді. «LRT-нің бірінші іске қосу кешенінің құрылыс жұмыстары қайта жанданды. Жобаны 2 жылдың ішінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биыл ұзындығы 55 шақырым 72 көшеге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргіземіз және Тәуелсіздік көпірі құрылысын аяқтаймыз», - деген еді елорда әкімі.