Жаңалықтар

Ойыннан от шықты

ашық дереккөзі

Ойыннан от шықты

10 тамызда Алматы облысының Өтеген батыр ауылында көппәтерлі тұрғын үйдің дәретханасында қоқыс шелегі жанып, пәтер мен кіреберіс қатты түтіндеді, деп хабарлады turkystan.kz. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өрттің шығуына баланың отпен ойнауы себеп болған. Өрт сөндірушілер есікті бұзып, пәтерге кіріп, құтқару қалпақшасының көмегімен балконда тұрған 2015 жылы туған қызды эвакуациялады. Өртті сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға 19 адам және 5 техника жұмылдырылды.