Жаңалықтар

Маңғыстау облысында балалар ауруханасында берілген тамақтан жәндік шықты

ашық дереккөзі

Маңғыстау облысында балалар ауруханасында берілген тамақтан жәндік шықты

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облыстық балалар ауруханасынан түсірілген видео тарады. Желі қолданушысының шағымында түскі асқа берілген тамақтың ішінде жәндік табылғаны айтылады, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап. «26 ш/а орналасқан балалар ауруханасындамын. Түскі асқа берген тамақта жәндік жүр. Балалар қалай тамақ ішеді»?,- деді тұрғын өз шағымында. «Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігінің хабарлауынша, бұл тамаққа қатысты келіп түскен алғашқы шағым. «Қазіргі уақытта аурухананы байқау негізінде жеңімпаз болып, шарт жасасқан Алимбетова Ж.К. тамақпен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар жәндік жалпы тағамнан емес, диеталық тамақтан анықталған. Шағымданушының арызы бойынша жауаптыларға ескерту жасалды. Қазір басшылық құрамы шақыртылып, қызметтік тексеріліс жүргізілуде. Егер емделушілердің шағымы бар болса науқастарды қолдау қызметі және ішкі аудит бойынша байланыс телефоны: 210-240 нөміріне хабарласу мүмкіндігі бар»,- деді «Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі.