Жаңалықтар

Биыл әкімдіктер қанша білім грантын бөлді? – Министр жауап берді

ашық дереккөзі

Биыл әкімдіктер қанша білім грантын бөлді? – Министр жауап берді

Биыл жергілікті атқарушы органдар 2500 грант бөлді. Гранттар өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлінген. Білім гранттарын тағайындау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы өтініш беру қажет, деп мәлімдеді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.  Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Негізінен, өңірлерге педагогтер, дәрігерлер, инженерлер және IT-мамандар қажет. Мысалы, биыл, 1475 грант «Педагогикалық ғылымдар» және 424 грант «Денсаулық сақтау» бағытына бөлінген. «Өткен жылдағыдай, 1000-нан астам грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу облысы – 100 грант. Қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген. Алайда, Шымкент және Алматы қалаларының, сондай-ақ Түркістан, Қызылорда, Павлодар облыстарының әкімдіктері бакалавриат мамандарын даярлауға грант бөлмеген» деп жазды Саясат Нұрбек.