Жаңалықтар

Абай күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

ашық дереккөзі

Абай күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Елімізде 10 тамызда қазақтың ақыны, ағартушысы, философ Абай Құнанбайұлының туған күні аталып өтеді. Ұлы қайраткердің 178 жылдығы күні Астанада оның шығармашылығы мен еңбектеріне арналған ондаған іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 10 тамыз күні таңертең өтетін Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі Астанада мерекенің бастамасы болмақ. Сағат 10:00-де Журналистер аллеясында «Алдымда ақын Абай - Темірқазық!» әдеби кездесу өтті. Бір сағаттан кейін Ұлттық академиялық кітапханада «Абай әлемі» іс-шарасы ұйымдастырылады. Осы уақытта №5 кітапханада оқырмандар «Абай – жүрек қалауы, даналық белгісі» іс-шарасында бас қосады. Сол сияқты бұл күні Абай оқуларын орталықтандырылған кітапханалар жүйесі өткізеді. Сағат 17:00-де «Жастар» театры Абай шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кешке шақырады. Бұл күні Ақкөл қаласындағы «Арман Боровичок» балалар сауықтыру орталығында «Абай – дана, Абай дара қазақта» поэтикалық кеші өтеді. Сонымен қатар 10 тамыз күні әлеуметтік желілерде елордада тұратын барлық этнос өкілдерінің қатысуымен білім беру мекемелері арасында #МенАбайдыоқимын челленджі өтеді. Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысындағы алаңда Абайдың 178 жылдығына орай ақынның шығармаларына жазылған күйлер орындалады. Қорғалжын алаңында «Адамзаттың алыбы – хакім Абай!» музыкалық-әдеби кеш өтеді. Сонымен қатар кешкі сағат 18:00-де М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында «Абайдың соңғы күндері» кино көрсету іс-шарасы ұйымдастырылады.