Жаңалықтар

Базардағы әйелдің кесілген басы: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

ашық дереккөзі

Базардағы әйелдің кесілген басы: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіге қатысты алғашқы сот отырысында тың мәліметтер айтылды. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Асхат Иманқосов бірге тұратын әйелге өзінің керек екенін көрсету үшін кезінде өзіне қарамай кеткен шұжық сататын әйелден кек қайтару үшін қанды қылмысқа барған, деп хабарлады turkystan.kz  КТК арнасына сілтеме жасап.

Тағылған айыпқа сүйенсек, тұрақты үйі мен табысы жоқ Иманқосов бірге тұрған әрі осы уақытқа дейін өзін асырап келген әйелден ажырап қалмас үшін жауыздықпен адам өлтірген.

60-тан асқан азамат пышақтан бастап, басты салатын пакетке дейін алдын ала дайындаған.



Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, марқұмды жататын жер мен жұмыс беремін деп алдап көріскен. 

“11 сәуірде Иманқосов алдын ала дайындаған пакет пен пышақты алып, Айнабұлақ ықшамауданындағы үйден шығып, саябаққа барады. Кешкі сағат 8 жарым шамасында Иманқосов Айбатулинамен кездеседі. Жәбірленушінің жалғыз екенін көріп, пышақпен мойнына ұрады. Әйел екі минуттың ішінде қайтыс болды. Ал кесіп алған басын пакетке салып, келесі күні сол басты базарға апарып тастайды”, – деді мемлекеттік айыптаушы Асхат Кеңес. 

Басты дәл шұжық сататын дүкенге қалдырып кетуінің де себебі бар. Прокурордың сөзінше, күдікті осылайша кезінде өзіне қарамай кеткен әйелден, яғни сатушыдан кек қайтарғысы келген. 

Ал сотталушы тағылған айыппен мүлде келіспеді. Ол сотқа алқабилердің қатысуын сұрады. Сот онысын мақұлдады.

Еске салайық, 12 сәуірде Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылған еді. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Оның денесі базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды.