Жаңалықтар

Оралда 72 жастағы зейнеткерді өлтірген әйел сотталды

ашық дереккөзі

Оралда 72 жастағы зейнеткерді өлтірген әйел сотталды

Оралда 72 жастағы зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 2022 жылдың 9 наурызында болған, қылмыс орнынан алтын бұйымдар ұрланған. 35 жастағы 4 баланың анасы зейнеткердің өліміне кінәлі деп айыпталды. Ол соңғы баласын тергеу изоляторында босанды, деп жазды @mgorodkz. Оның үйінен полицейлер қан тамған киім, пышақ және басқа да айғақтар тапқан. Ол 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушының адвокаты апелляциялық шағым түсіретінін айтты.