Алматыдан 359 шақырым қашықтықта жер сілкінді

9 тамыз, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Алматыдан 359 шақырым қашықтықта жер сілкінді Алматыдан 359 шақырым қашықтықта 4,2 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлады  turkystan.kz. Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 9 тамыз сағат 18.35-те жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 359 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 15 шақырым.