Жаңалықтар

«AMANAT»-тың Қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар жанайқайын жеткізді

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың Қоғамдық қабылдауына келген тұрғындар жанайқайын жеткізді

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының өкілдері Зеренді ауданына қарасты Приречное және Викторовка ауылдарында көшпелі Қоғамдық қабылдау өткізді. Облыстық мәслихат депутаты Марат Оразалин, Зеренді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Светлана Шихалева және аудандық мәслихат депутаттары алдымен Приречное тұрғындарымен кездесті. Өз кезегінде, тұрғындар ауылда жарық жиі сөніп, күніне бірнеше мәрте су тоқтап қалатынын ашық айтты. Бұған қоса, ауыл құдығының жеке шаруашылық иелігіне өтіп кеткені, электр сымдарының тозығы жетіп тұрғаны, көпір жолын үнемі су шайып кететіні де тұрғындарды тығырыққа тіреп тұр. Осы және өзге де мәселелер жөнінде ауылдық округ әкіміне қойылған сұрақтың ешқайсысына мардымды жауап болмады. Халық қалаулысы Марат Оразалин тұрғындарды толғандырған барлық көкейтесті мәселен жазып алып, соған сәйкес құзырлы органдарға депутаттық сауал жолдайтынын және қордаланған мәселелердің оң шешімін табуға барынша ықпал ететін жеткізді.