Жаңалықтар

Астанада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді

ашық дереккөзі

Астанада көпқабатты үйдің паркингінде көлік өртенді

Елордада тұрғын үй кешенінің паркингінде көлік өртеніп, 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz. 9 тамызда сағат 13:54-те Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесіндегі паркингте автокөліктің жанып жатқандығы туралы шақыртуға шықты. Өрт сөндірушілер 6 минутта жеткен. Көпқабатты тұрғын үй кешенінің паркингінде Range Rover маркалы автокөлік жанып, қатты түтін пайда болғаны анықталды. Қызыл жалынды сөндіру барысында елордалық құтқарушылар 5 адамды құтқарды. Олардың ішінде 1 бала болды. 150 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала бар. «Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 14:40-та өрт жойылды. Өрт сөндіруге, құтқаруға және салдарын жоюға Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 57 адамы мен 14 техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы және 3 адам және 103 қызметінен 3 адам мен 1 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта арнайы машинаның көмегімен желдетілмейтін паркингтен түтін шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.