Жаңалықтар

Өскеменде ер адамды сауда орталығынан ұрлап кеткендер ұсталды

ашық дереккөзі

Өскеменде ер адамды сауда орталығынан ұрлап кеткендер ұсталды

Өскеменде ер адамды ұрлап, қорқытып, мүлкін тартып алған екі бопсалаушы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыс туралы ақпарат алынды. «Хабар алған тәртіп сақшылары дереу тексеріске кірісіп, Ұлттық ұланның арнайы жасағымен бірлесе отырып, бопсалаушыларды ұстады. Олар 1998 және 1997 жылы туған екі ер адам болып шықты. Белгілі болғандай, күдіктілер бопсалау мақсатында жәбірленушіні үйінен күштеп шығарып алған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде екі iPhone 14 pro ұялы телефонын, 800 000 теңге көлеміндегі ақшаны және Mercedes-Benz автокөлігі тәркіленді. Автокөлікті тексеру барысында кабинадан 4 дана кесілген шолақ мылтыққа және патрондарға ұқсас заттар табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, қаруға ұқсас зат қосауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығының кесілген бөлігі. Ұсталғандардың көлігінен алынған заттар шынымен де зауытта жасалған және қару атуға жарамды патрондар екені расталды», - делінген хабарламада. ШҚО ПД күдіктілер сот санкциясымен ұсталғанын хабарлады. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі («Бопсалау»), 125-бабының 2-бөлігі («Адам ұрлау»), 287-бабыны4 3 бөлігі («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қамауға алынды.