Жаңалықтар

Қазақстанға туристер орта есеппен қанша күнге келеді?

ашық дереккөзі

Қазақстанға туристер орта есеппен қанша күнге келеді?

АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан туристері Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді, деп хабарлады turkystan.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.  eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша, туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары Қазақстанда орта есеппен 4 күн өткізеді. Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды. Ал, Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен. «eQonaq жүйесі - елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген», -  деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.