БҚО-да 6 жасар бала металл қоршауында қалып қойған
БҚО-да 6 жасар бала металл қоршауында қалып қойған
Батыс Қазақстан облысында 6 жасар бала металл қоршаудың арасында қалып қойған, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 8 тамызда сағат 17:19-да Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Юбилейное кентінде 2017 жылы туған бала металл қоршаудың арасында қалып қойғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына барған Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары баланың металл қоршаудағы тар тесіктен шыға алмай жатқанын көрді.
Құтқарушылар алдымен баланы тыныштандырып, содан кейін оны арнайы құралдардың көмегімен шығарып алып, ата-анасына тапсырды.