Жаңалықтар

«Астана» «Лудогорецті» жеңді

ашық дереккөзі

«Астана» «Лудогорецті» жеңді

UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында «Астана» «Лудогорец» (Болгария) клубын жеңді, деп хабарлады turkystan.kz. Бірінші таймда алдымен қонақтар есеп ашты. Қарсылас сапынан Ноа Сундберг көзге түсті. Үзіліске дейін стандарттан кейін баспен ұрған Жарко Томашевич қақпа тұрынан торынан табылды. Екінші кезеңде тағы бір қорғаушы Александр Марочкин «Астанаға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1. Негізі, елорда клубының есепті еселейтін бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда Абат Айымбетов, Дембо Дарбо, Тимур Досмағамбетов секілді ойыншылар өз мүмкіндігін пайдаланған жоқ, деп жазды BasSport.kz. Қарымта кездесу 15 тамызда болады. «Астана» Еуропа лигасы плей-офф сатысына шыққан жағдайда Нидерландтың «Аякс» клубымен кездеседі. «Астана» (Астана, Қазақстан) – «Лудогорец» (Разград, Болгария) – 2:1 Голдар: Сонко-Сундберг, 35 (0:1). Томашевич, 41 (1:1). Марочкин, 53 (2:1).