Орал тұрғыны үйінде ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген

8 тамыз, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Орал тұрғыны үйінде ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген Орал тұрғыны үйінде ағаштың бойымен бірдей қарасора өсірген, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамыз күні Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шара жүргізу барысында қала жанындағы Коминтерн ауданында 1990 жылы туған тұрғынның үйінің ауласынан 60 түп қара-жасыл түсті, қарасораға ұқсас, өсіріп-баптау іздері бар өсімдіктер табылып, тәркіленді. Табылған өсімдіктер сараптамаға жолданды. Айта кету керек, кейбір бұталар ағаштың бойымен биік өскен. ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.