Жаңалықтар

Әлем чемпионатының жүлдегері спорт академиясына оқуға түсе алмай қалды

ашық дереккөзі

Әлем чемпионатының жүлдегері спорт академиясына оқуға түсе алмай қалды

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегері, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Дана Дидай грантқа ілікпей қалған, деп хабарлады turkystan.kz. Былғары қолғап шебері құжатын Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясына тапсырған. Дегенмен тегін білім алатындар тізіміне енбей қалған, деп жазды BasSport.kz. Ал оқу ақысы жылына - 750 мың теңге. Боксшы қыз «әрі қарай жаттығуымды жалғастырамын ба, әлде ақша табудың амалын іздеймін бе?» дейді. Журналист Аслан Қаженов осындай жағдайларда спортшылардың еңбегі ескерілсе екен дейді.