Жаңалықтар

БҚО-да 6 жастағы бала қоршауға қыстырылып қалды

ашық дереккөзі

БҚО-да 6 жастағы бала қоршауға қыстырылып қалды

БҚО-да 6 жастағы бала металл қоршауға қыстырылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz. ТЖМ мәліметінше, 8 тамызда сағат 17:19-да БҚО Теректі ауданының Юбилейное кентінде 2017 жылы туған бала металл қоршаудың арасында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары баланың металл қоршаудағы тар тесіктен шыға алмай жатқанын көрді. Құтқарушылар алдымен баланы тыныштандырып, содан кейін оны арнайы құралдардың көмегімен шығарып алып, ата-анасына тапсырды.