Жаңалықтар

Димаш Құдайберген оқырмандарына челлендж жолдады

ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген оқырмандарына челлендж жолдады

Әнші Димаш Құдайберген ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында барша оқырманына челлендж жолдады, деп хабарлады turkystan.kz. «Ассалаумағалейкум, құрметті достар, отандастар! Хакім Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында әдемі челлендж бастағалы отырмыз. Абай атамыздың дәл мен секілді жүректеріңіз қалаған кез келген шығармасын жаттап немесе оқып, дәл осылай бейнетаспаға түсіріп, желіге салып, тарататын болсаңыздар, челленджіміздің басталғаны деп білемін», - деді. Димаш Құдайберген Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқыды.