Қазақстандық оқушылар шахматтан әлем чемпионатында 2 медаль алды
Қазақстандық оқушылар шахматтан әлем чемпионатында 2 медаль алды
Ақтауда мектеп командалары арасында өткен шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Кіші топта (12 жасқа дейін) Үндістаннан келген «Velammal MHS Mogappair» мектеп оқушылары барлық 8 матчта жеңіске жетіп,бірінші орын иеленді . Екінші орын Украинаның «Lviv Academic Gymnasium» командасына берілді (Львов қаласы). Үшінші орынға бірден бес команда үміткер болса, оның төртеуі Қазақстаннан. Қола жүлдегерлер қосымша көрсеткіштер бойынша анықталды. Нәтижесінде медальдарды Астана қаласының Республикалық физика-математика мектебінен Аланбек Жайназаров, Әмір Жүкенов, Мирас Хасенов, Айсұлтан Анетов алды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов барлық қатысушыларға шахматтың маңыздылығын және оның бүкіл әлемде танымалдылығын атап өтіп, табыс тіледі.
Бүгін мұнда әлемнің 50-ден астам елінен ондаған команда жиналды. Бұл бүкіл әлемдегі шахмат қозғалысының керемет танымалдылығын және Қазақстанның әлемдік шахматқа әсер ете алатынын көрсетті. Турнир жүздеген жас шахматшының мансабына негіз салғанына сенімдімін. Сондай-ақ мұнда олар жаңа достар мен пікірлестер тауып қана қоймай, Ақтаудың сұлулығынан ләззат алып, қазақ мәдениетін жақынырақ тани түскеніне күмәнім жоқ, - деді Тимур Турлов.
Чемпионаттың жабылу салтанаты Каспий теңізінің жағалауындағы амфитеатрда өтіп, отшашумен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, чемпионат 4-7 тамыз аралығында өтті. Оған әлемнің 53 елінен 400-ден астам оқушы қатысты.