Жаңалықтар

Риддердегі жылу орталығының дайындығы 40% құрайды – AMANAT

ашық дереккөзі

Риддердегі жылу орталығының дайындығы 40% құрайды – AMANAT

Алдын ала деректер бойынша, бүгінде «Риддер ЖЭО» АҚ-ның дайындығы 40% құрайды, жұмыс кестесінен артта қалу орын алған жоқ. ЖЭО-дағы алты қазандықтың төртеуін 20 қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отыр. Жақында «AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің жұмыс тобы бақылау жүргізу үшін жылу электр орталығына барды. Партиялықтар жөндеу-қалпына келтіру жұмысының барысымен танысты. Қазіргі уақытта нысанда 11 мердігер ұйымнан 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Барлық қажетті материал мен жабдықтар бойынша «Қазмырышмашқа» және шетелге тапсырыстар берілді. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ЖЭО құрал-жабдықтары 66%-ның тозығы жеткен. Әсіресе, жылу желілерінің ең жоғары тозу көрсеткіші (60%-дан астам) Павлодар (82%), Қарағанды (68%), Абай (68%) және Шығыс Қазақстан (66%) облыстарында орын алып отыр.